Гуманитарлық цикл кафедрасының өзекті мәселесі

“Гуманитарлық цикл кафедрасының жүйелік іс – әрекеттік тәсілін

білім беру үрдісінде өзектендіру”.

 

МАҚСАТЫ

Мұғалімдердің педагогикалық кәсіби шеберлігін, құзырлылығын және сабақ беру әдістемесін үздіксіз жетілдіру арқылы оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық деңгейінің жоғары сатыға жетуіне ықпал ету.

 

МІНДЕТТЕРІ

  1. Мұғалімдердің ақпараттық коммуникациялық технология негізінде жұмыс жасауға жағдай жасау;
  2. Мұғалідерге жаңа педагогикалық технологиялық инновацияларды меңгеруге, өз тәжірибесіне енгізуге көмек көрсету;
  3. Озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, үйрену, ендіру;
  4. Сапалы білімге қол жеткізу;
  5.  Ерекше қабілетті оқушыларды анықтап, қабілеттілігіне қарай шығармашылыққа баулу;
  6.  Үлгерімі төмен оқушылармен үздіксіз жұмыс жүргізу;

 

КАФЕДРА АПТАЛЫҒЫ

2016-2017 оқу жылында № 23 орта мектеп – лицейінде Гуманитарлық цикл кафедрасының апталығы өтті. Апталық 2017 жылдың қаңтар айының 16 нан 21 аралығында “Білімді ұрпақ – ел тірегі” атты тақырыпта ұйымдастырылды.

Апталықта 12 ашық сабақ, 12 сыныптан тыс ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақта мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау стратегиясын тиімді пайдалана білді. Мұғалімдер сабақ жоспарларын ой толғау, мағынаны ашу, рефлексия арқылы  Блум таксономиясының білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау тәсілдерін, миға шабуыл, Венн диаграммасы, синквейн, екі жақты күнделік,

6 қалпақ т.б. әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды. Оқушылар   критерийлер арқылы өзін-өзі бағалауда, презентация қорғауда белсенділікпен жұмыс жасады.

Апталыққа оқушылар тарапынан белсенділік танытып барлық іс-шараға толық қатысты.