БАСТАУЫШ КЛАСС КАФЕДРАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕСІ

«Жүйелік тәсілдеме - кіші мектеп оқушыларының жеке әлеуетін дамыту құралы»

 

Мақсаты: жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктерін іске асыру бағытында іс-әрекеттер ұйымдастыру және әрекеттік

технологияларды енгізу.

 

Міндеттері:

  1. Мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына көшуіне байланысты оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттыру үшін жағдай туғызу.
  2. Мектеп оқушыларының танымдық және эмоциялық зиятының деңгейін, құзыреттілік және жеке мінездемелер деңгейін дамытуға ықпал ету.
  3. Оқыту процесіне жаңа технологияларды қолдану және енгізуді жалғастыру.
  4. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарының негізгі түрлерін қалыптастыру (оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтары)жұмысын жалғастыру.
  5. Ата-аналарды консультациялық қолдау.

 

 

Кафедра жұмысының басым бағыттары:

 

  1. Жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты оқытушылардың теориялық, әдістемелік білімдерін жетілдіруі.
  2. Оқытушылардың кәсіби шеберліктерін үздіксіз арттыру үшін жағдай туғызу.
  3. Оқушылардың физиологиялық және психологиялық денсаулықтарын сақтау және нығайту .
  4. Оқыту процесіне жаңа технологияларды қолдану және енгізуді жалғастыру.